29 Маусым 11:05

Алматы облысына блокбекеттер қайта қойыла ма?

Фото:
Желіде қатаң карантин енгізілетіні және Алматы облысында қайтадан блокбекеттер қойылатыны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты әкімдік баспасөз қызметі хабарламаға түсініктеме берді

.

Aлматы. NEGE. "Танымал мессенджерлердің бірінде Алматы облысында карантинге байланысты қайтадан блокбекеттер қойылатыны туралы хабар тараған. Бұл - фейк ақпарат. Бүгінде облыс периметрі бойынша блокбекет қою жоспарда жоқ", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Жалпы облыс бойынша коронавирус жұқтырған 701 адам анықталған. Бір тәулікте тағы 20 адам тіркелді. 574 адам аурудан айығып шықты, өкінішке қарай, 1 адам қайтыс болды. 

Еске салайық, 27-28 маусымда көптеген облыс орталығында демалыс күндері шектеу енгізілді. Тұрғындарға себепсіз сыртқа шықпау ұсынылып, көптеген кәсіпорын жабылған болатын.  

Тегтер: