8 Мамыр 12:32

Алматы қаласы Мақтаарал ауданына 70 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Фото:

Алматы қаласы Түркістан облысының Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға 70 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсету бойынша бірқатар шаралар қолданылуда.

Алматы, NEGE. Соңғы күндері Мақтаарал және Жетісай аудандарының елді мекендері апат салдарынан нағыз соғыс майданына айналды.
Алматы қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Б.Сағынтаевтың тапсырмасымен гуманитарлық көмек жинақталды.
Елбасымыздың бастамасымен басталған "BizBirgemiz" акциясы аясында Алматы қаласы әкімдігі мен партияның Алматы қалалық филиалы тарапынан Түркістан облысында зардап шеккен азаматтарға 70 тоннадан астам гуманитарлық көмек, соның ішінде киім, төсек орындар, аса қажет азық-түлік, гигиеналық құралдар, ұн және т.б. заттар жіберілді.
Сонымен қатар Jas Otan еріктілері эвакуациялау пункттері мен азық-түлік, киім, төсек орындары, гигиеналық құралдарын тарату жұмыстарына қатысады.
Аз уақыт ішінде көптеген алматылықтар, соның ішінде Nur Otan партиясының мүшелері және бей-жай қарамайтын тұрғындар шақыруға үн қатты.
Қайырымдық қызмет ашықтықты, айқындықты пен есеп беруді талап етеді. Осы талаптарды басшылыққа ала отырып көмек көрсеткен азаматтар мен мекемелердің тізімі дайындалды, атап айтсақ "Жаңа Алатау" қоры, «Metall Prom», «Казлегпром-Алматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Эйр Астана» Акционерлік қоғамы, кәсіпкер, партия мүшесі Мухтар Зулеев, қалалық мәслихат депутаты Ерболат Қасымов және тағы басқалар.
Болып жатқан апаттық жағдайға бей-жай қарамай, қол ұшын созып, өз үлесін қосқан барлық азаматқа алғысымызды білдіреміз.

Тегтер: