Алматы: Қаладағы қамсыз қазақтар (фоторепортаж)

22 наурыз, 11:01
Алматы: Қаладағы қамсыз қазақтар (фоторепортаж)
Фото: Сәрсенбек Қызайбек

19 наурыз Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жарияланды.

Алматы, NEGE. Дегенмен халық карантиннің не екенін толық түсіне қоймаған сыңайлы. Nege.kz сайтының фототілшісі қаланың соңғы екі күндегі тыныс-тіршілігін фотообъектив көзімен бақылап қайтқан болатын.

Қала карантинге жабылғаннан кейін, мейлінше, үйде отыру керек деген ескертуді ешкім елеп жатқан жоқ. Есесіне, әркім өз шаруасымен әлек. 

Дәріханаларда медициналық маска тапшы, халық бірден сатып алып жатыр дейді. Алайда маска тағып жүрген тұрғындарды көрмедік. 

Соңғы екі күнде Алматының көшелерінде адам азайған. 

Адам саны азайғанмен қалада қамсыз жүрген қазақтардың қарасы қалың. 

Өндіріс ошақтары, қоғамдық орындар жабылғалы халық жұмыссыз қалды. Енді біреулері жұмысына жете алмай, қала сыртын жағалап жүр.

Қарапайым қала тұрғындарын алаңдататын жағдайлар көп. Індетті елемесе де, ертеңгі күніміз не болады деген оймен өмір сүріп жатыр.