16 Ақпан 17:34

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар қымбаттамайды

Фото:

Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуіне қатысты шағымдар қабылдайды.

Алматы, NEGE. Аталмыш тізімге Үкімет қаулысымен бекітілген 19 түрлі тауар кіріп отыр.

Олар:

– Бірінші сұрыпты бидай ұны

– Бірінші сұрыпты ұнның наны

– Тазартылған күріш

– Картоп

– Ас сәбізі

– Пияз

– Орамжапырақ

– Қант

– Күнбағыс майы

– Сиыр еті

– Тауық еті

– Патерленген, майлылығы 2,5% сүт

– Жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5% айран

– Тауық жұмыртқасы

– Ас тұзы

– Майлылығы 4-9% ірімшік

Аталған тауарлар бағасының негізсіз өсуін байқаған тұрғындар +7 (7172) 74-96-71 телефоны бойынша немесе телеграм-канал арқылы хабарласа алады.

Тегтер: