17 Ақпан 11:58

Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Фото:
Алдағы екі күнге Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. 

 

Алматы, NEGE. «17 ақпанда Ақмола облысында қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, бұрқасын, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді», - делінген дауылды ескертуде.

«17 ақпанда Солтүстік Қзақастан облысында қар күтіледі, кей жерлерде тұман, жел соғады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.

Метеорологтардың ақпарынша, 17-18 ақпанда Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-85%.

Тегтер: