8 Маусым 11:52

Алаяқ 17 тұрғынның ақшасын жымқырып кетті

Фото:

Түркістан облысының полицейлері тұрғындардың несиесін жауып беремін деген алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Отырар аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық бойынша арыз түсірген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, биыл қаңтар айында бейтаныс жігіт алдап, сеніміне кіріп, несиеңіздің 10% берсеңіз, қалған барлық қарыздарыңызды төлеп беремін деп уәде берген. Осылай алдау арқылы алаяқ тұрғыннан 700 000 теңгесін алып, содан бері жоқ болып кеткен. Аталған, жайт Отырар АПБ-не ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының қорытындысында, күдіктіні ұстады. Ол Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында, полиция қызметкерлері ұсталған адамның тағы да осындай 16 алаяқтық дерегіне қатысы бар екенін анықтады. Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Тәртіп сақшылары алаяқтың құрбандары бұдан да көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды және оның басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтайды. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға мұқият болу және сенбеу керектігін ескертеді. Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда сізге “102” телефоны бойынша полицияға хабарласу қажет.

Тегтер: