3 Қаңтар 14:14

«Алаш көсемі» атты комикс жарыққа шықты

Фото:

Шығыс Қазақстан облысында Әлихан Бөкейханның өмірбаяны туралы «Алаш көсемі» атты комикс жарыққа шықты. Бұл жайында ҚазАқпарат жазды. 

Алматы, NEGE. Былтыр елеулі даталарға толы болды. Оның бірі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы болса, енді бірі алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы еді.

Осыған орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен «Алаш көсемі» комикс-альбомының тұсаукесері өтті.

Комикс-альбомның авторы, Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 7-сынып оқшысы Асыл Сұңғатқызы және жоба жетекшісі республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің ШҚО бойынша меншікті тілшісі Мерей Қайнарұлы.

Комикс-альбомда Әлихан Бөкейханның өмір жолына қысқаша шолу жасалған. Альбомның мәтіндері де ықшамдалып алынды. Кез-келген оқырман аз уақыттың ішінде комикс альбомды парақтап шығып, ұлт үшін құрбан болған Алаш ардақтысының өмір жолымен танысып шыға алады.

«Қолға қалам, қарындаш алмас бұрын, Алаш Орда туын тіктеген Әлихан Бөкейханның өмір жолымен, ел үшін еткен еңбегімен танысып шықтым. Әлбетте, өмірін ұлтына арнаған тұлғаның жүріп өткен жолын шағын альбом арқылы жеткізу мүмкін емес. Десе де, мынау заманда оқырманға қандай да ақпаратты шағындап, суретпен беру тиімді ме деп ойлаймын», – дейді жоба авторы Асыл Сұңғатқызы.

Тегтер: