4 Маусым 17:43

Алакөлге жолдамалар сату басталды

Фото:

Турагенттіктер мен Алматы облыстық туризм басқармасының болжауынша, биыл көлге келетіндердің саны артпақ. Тіпті рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін.

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда Алматы және Шығыс Қазақстан облысы Алакөл жағалауының инфрақұрылымын жетілдіруде. Алматы облыстық туризм басқармасының мәліметіне сәйкес, Алакөл көлінің жағалауында қазіргі кезде 250 орналастыру объектілері бар. 2020 жылы 14 жаңа нысан салу жаспарда. «Қазіргі таңда Ақши ауылында демалыс саябағының құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 6 шілдесіне дейін құрылысты аяқтау жоспарлануда. Парк аумағында автокөлік тұрағы, аркасы бар екі кіру тобы, күркелер, ойын алаңдары, орталық қалқа, жазғы кафе, 336 адамға арналған амфитеатр, жазғы сахна, футбол алаңы, волейбол алаңы, велосипед алаңы, роликтермен сырғанауға арналған алаң, екі дәретхана және тренажерлерге арналған алаң орналасады», – дейді Алматы облыстық туризм басқармасының туристік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бөлімінің басшысы Бақытжан Оразбаев.

Сонымен қатар, ол 2020 жылдың 1 маусымынан бастап күн сайын «Нұр-Сұлтан-Үшарал-Нұр-Сұлтан» және «Алматы-Үшарал-Алматы» бағыттары бойынша рейстер ашылғанын айтты. 8 маусымнан 24 қазанға дейін «Алматы-Үшарал-Алматы» бағыты бойынша қосымша рейс болады (дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі). Ағымдағы жылдың 3 ақпанынан бастап «Жетісу» авиакомпаниясы АҚ «Талдықорған-Үшарал-Талдықорған» бағыты бойынша рейсті аптасына 7 рет жүзеге асырады. Сондай-ақ, «Жетіген-Достық-Жетіген» бағыты бойынша әлеуметтік маңызы бар ауданаралық темір жол бағыты субсидияланады, осы мақсатқа облыс бюджетінен 2017-2021 жылдарға 85 млн теңге қарастырылған. «Пойыз 2020 жылдың маусым айынан тамыз айына дейін аптасына 3 рет жүреді. 7 вагон іске қосылған. Бір билет бағасы плацкарт 2686 тг, купелік 4500 тг. жалпы орын саны -– 324. Тасымалдаушы компания қосымша 10 коммерциялық вагон ұсынуға дайын», – дейді ол. Ал, Шығыс Қазақстан аумағындағы жағалауда 11 552 жатын орны бар демалушыларға арналған 176 орын іске қосылған. Олардың барлығы онлайн брондауға дайын. Бір адамға тұру бағасы шамамен 2600-10 500 тг.

ШҚО туризм және ішкі байланыс басқармасының басшысы Марат Қабақовтың айтуынша, Алакөлде жағалауды дамыту бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. «Біз алғаш рет Республика, сонымен қатар облыс көлемінде санитар дәрігердің қаулысымен туристерді орналастыру нысандарының жұмыстары реттелген пандемия жағдайында жұмыс істейміз. Туристік бизнестің барлық субъектілері бұл жағдайдың тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде орын алғанын түсінеді, сондықтан карантиндік шаралардан шаршаған қазақстандықтардың демалысы жоғары деңгейде болуы үшін бар мүмкіндікті жасайды»,– деді Марат Қабақов.

Тегтер: