26 Мамыр 19:37

Аквапарктер жұмысына рұқсат берілді

Фото:

Ақтөбе облысында карантин шектеуі жеңілдеді. Аквапарктер мен жағажайлар жұмысына рұқсат берілді.

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды. Қаулыда ашық ауадағы аквапарктердің қызметіне рұқсат берілген.

«Жағажайлар жұмысын бастай алады. Сонымен бірге бетперде тағу, әлеуметтік ара қашықты сақтау режимін ұстанған кинотеатрлар да келушілерге қызмет көрсетеді. Ата-аналардың өтініші бойынша жазғы мектептер жұмыс істейді. Тек сыныптағы бала саны 15-тен аспауы тиіс», - деп хабарлады облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ түнгі және ойын клубтары, қорқор (оның ішінде қоғамдық тамақтану орындары жанындағы) букмекер кеңселер мен лоторея клубтары, лоторея сататын өзге де орындар жұмысына шектеу бар. Бұл нысандар тек Ashyq жобасы аясында жұмыс істей алады.

Тегтер: