USD
USD
USD

Ақтөбеде мұздай қаруланған ер адам ұсталды

  Ақтөбе тұрғынының көлігінен қару-жарақтың бірнеше түрі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде мұздай қаруланған ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу кезінде Жаңақоныс кенті маңында ресейлік есептегі көлікпен жүрген 18 жастағы жүргізушіні тоқтатты. Көліктің салонында 25 жастағы екі жолаушы болған.

Автокөлікті тексеру кезінде полиция қызметкерлері ИЖ маркалы екі ұңғылы шолақ аңшы мылтығын және ИЖ маркалы екі тегіс ұңғылы мылтықты, 16 калибрлі алты патрон мен екі пышақты тәркіледі.

Сонымен қатар жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер азаматтарға не үшін сонша қару керек екенін анықтап жатыр.

Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы