22 Маусым 19:23

Ақтөбе облысында жол апаты үш адамның өмірін қиды

Фото:

 Ақтөбе облысында жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысып, үш адам қаза болды.

Алматы, NEGE. Жеңіл автокөлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Өңірдің полиция департаментінің ақпаратынша, трагедия 21 маусым 17:21-де «Қарабұтақ-Қостанай» тас жолының 171 шақырымында болды.

57 жастағы «Лифан» жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Ресей азаматы басқарған «Ман» маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі, 1980 және 1959 жылғы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ 1969 жылғы әйел мен 1973 жылғы ер адам Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Өкінішке қарай, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жолда өте мұқият және сақ болу керек екенін жиі естен шығарады. Жол апатына әкеп соғатын басты себептердің бірі – адамдардың жол қозғалысы ережелерін сақтамауы», – деді Ақтөбе облысы ПД басшысы Атығай Арыстанов. 

Тегтер: