6 Мамыр 19:47

Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлованың мүсіні орнатылды

Фото:

Әлия Молдағұлова әуежайына мерген қыздың мүсіні орнатылды.

Алматы, NEGE. Айта кетейік, Ақтөбенің халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлова есімі 28 сәуір күні берілген еді.

Бүгін ресми таныстырылып, батыр қыздың бюсті орнатылды. Жиында батырдың туыстары, оның өмірін зерттеп жүрген танымал қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар болды.

«Әлия Молдағұлова - күллі қазақ елінің мақтанышы. Аты аңызға айналған жерлесіміздің өмірі мен ерлігі - бізге, өскелең ұрпаққа лайықты үлгі. Біз де сол сияқты туған жерімізді жақсы көріп, қорғауымыз керек. Үкімет қаулысымен Ақтөбе халықаралық әуежайына Кеңес Одағы батырының есімі берілді. Сіздерді облысымыздың өміріндегі қуанышты оқиғамен құттықтаймын», – деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Әуежай ғимаратында Әлия Молдағұлованың мүсіні қойылды. Биіктігі – 2,47 см. Мүсін авторы - ақтөбелік танымал мүсінші Жеңіс Жұбанқосов.

«Әлия апамыздың мүсінін бір айда жасап шықтық. Бұл мен үшін жауапты жұмыс болды. Біз өзі түскен фотосын пайдаландық. Кішкентай болса да, айбарлы, қайсар қазақ қызы мүсінінің әуежайға қойылғаны ұлттық рухымызды аттыратын қадам болды», - деді Жеңіс Жұбанқосов.

Тегтер: