USD
USD
USD

Ақсуда полицей өлі табылды

Павлодар облысының полиция департаменті полицейдің өз-өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді.

Ақсуда полицей өлі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE."5 шілдеде сағат 23.40-та Ақсу қаласында полиция майорының мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу басталды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Жандос Орымбаев.

Қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр.

"Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері соталды тергеу барысында анықталады", - деді Орымбаев.

Басқа мәліметтер әлі хабарланбады. 

Қазір оқып жатыр

Екі алтын, екі қола: Қазақстан Азия ойындарын сәтті бастады

.

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы