Ақмола және Қостанай облыстарында төтенше жағдай режимі алынады

14 қаңтар, 19:20
Ақмола және Қостанай облыстарында төтенше жағдай режимі алынады
Фото: Ғаламтордан

Ақмола және Қостанай облыстарында төтенше жағдай режимі аяқталды, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. «Ақмола облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 737 Жарлығымен енгізілген Ақмола облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 15 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын» делінген жарлықта.

Сондай-ақ дәл осындай арнайы жарлықпен Қостанай облысында да төтенше жағдай режимі тоқтады. Бұл жарлықтар қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.