USD
USD
USD

Ақмола облысында үйден үш адамның мәйіті табылды

   Ақмола облысында өрт шыққан үйде үш адам қайтыс болды.

Ақмола облысында үйден үш адамның мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстың төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 1 наурызда Бұланды ауданының Купчановка ауылында жеке тұрғын үй отқа оранды. Жалын 81 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер келген кезде өрт үйге толықтай жайылған.

«Өртті сөндіру кезінде оқиға орнынада 1976 жылы және 1987 жылы туған екі әйелдің, 1994 жылы туған ер адамның денесі табылды», – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті. Үйде болған тағы бір ер адам терезе арқылы шығып, аман қалған. Өрт сөндірушілерді де сол шақырған.

«Алдын ала ақпарат бойынша үйдің иесі – 1976 жылы туған әйел үйде достарымен бірге ұлының кәмелетке толғанын атап өткен. Шақырылған қонақтар үй иесімен бірге қайтыс болды», – деп хабарлады құтқарушылар.

Артынша өрт шығып, санаулы уақытта үйге толық жайылған. Өрт 03:10-да ауыздықталып, 04:55-де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД 11 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылды. Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана