USD
USD
USD

Ақмола облысына алғашқы қар түсті

Ақмола облысының бірқатар аудандарындағы тұрғындар қардың жауғанын xабарлап, әлеуметтік желілер арқылы фотолармен бөлісіп жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысына алғашқы қар түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Макинскі қаласында алғашқы қар түсті. Бүгін түске қарай басталған қар әлі толассыз жауып тұр. Осының салдарынан қаланы қар басып, тұрғындардың жүріп-тұруы мен көлік қатынасы қиындады», - дейді қала тұрғыны Берлан Ырыс.

Алғашқы қар Зеренді және Бурабай аудандары аумағында да түсті. Қар еріп, шалшық болған соң жолдар мен көшелерде көлік кептелістері пайда болып отыр. Мұнда да тұрғындар әлеуметтік желіде алғашқы қардың суреттерімен бөлісіп жатыр. Тіпті, кейбір өңірлерде қарлы бұрқасын болып тұр.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, өңірдің басым бөлігінде жауын-шашын болады. «Бүгін Макинскіде қар аралас жаңбыр басталды. Бірақ қар көп жатпай еріп кетеді. Түнгі уақытта көктайғақ болуы мүмкін», - деді Ақмола облысы бойынша «Қазгидромет» РМК метеожағдай бөлімінің бастығы Даниель Жұмажанов.

Синоптиктер 29-30 қыркүйекте түнде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болатын ескертуде. Облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында 3 градус салқын, күндіз 2-7 градус жылы болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер