27 Қараша 09:36

Ақмола: 4 млн тонна астық жиналды

Фото:

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі астық жинау жұмыстарын баяндады.

Алматы, NEGE. «Біздің облыс – негізгі ауылшаруашылық өңірлердің бірі, оның жалпы ауыл шаруашылығы өніміндегі үлесі 11%-ға жуық. Тіпті күрделі климаттық жағдайларға қарамастан, облыс шаруалары гектарынан 8,8 центнерден өнім алып, 4 млн тоннаға жуық астық жинады», - деді Ермек Маржықпаев Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингіде.

Әкімнің айтуынша, суармалы жерлер алаңын кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр, қазір суармалы жерлер 30 мың гектарға жеткізілді.

«Алдағы уақытта Есіл және Жарқайың аудандарында Бұзылық су қоймасы салынып, суармалы жерлер кеңейеді. Осы бірегей және маңызды жобаны іске асыру өңірдің сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға, суармалы жерлердің ауданын ұлғайтуға мүмкіндік береді, экожүйеге, флора мен фаунаға оң әсер етеді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында 72 млрд теңге көлемінде агроөнеркәсіптік кешен көрсеткіштерінің өскені байқалады», - деді Е. Маржықпаев.

Тегтер: