4 Желтоқсан 13:33

Әйтенов: Шымкентте 2 агроиндустриялық аймақ құрылады

Фото:

Орталық коммуникациялар қызметіне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов келіп, 2020 жылды қорытындылап, журналистердің сауалына жауап берді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Қала әкімінің айтуынша, қазір Шымкентте үздік инфрақұрылымы бар 3 индустриялық аймақ жұмыс істеп тұр. «Осы 3 аймақта жалпы инвестиция көлемі 229, 7 млрд теңгеге 170 жоба жүзеге асып, 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Ал 98,6 млрд теңгеге 5 500 жұмыс орны мен 100 жоба жүзеге асып, осы жылдың 10 айында 66,5 млрд теңгенің өнімі шығарылды» деді мегаполис әкімі.

Сондай-ақ, 306 гектар жерге «Жұлдыз» индустриялық аймағы іске қосылған. «Мұнда фармацевтика, жиһаз, құрылыс, металлургия өнеркәсібі дамиды. 105 млрд теңгеге 60 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Мұнымен қоса, қалада 2 ірі агроиндустриялық аймаға да іске қосылмақ. 136 гектар жерге заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені бойынша 28 жоба іске қосылады. Екінші, «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағын құрып, сүт, ет өндірісі зауыты бой көтереді. Ауылшаруашылығында 7,6 млрд теңге құратын 18 инвестициялық жоба құру жоспарланып, 10,3 млрд теңгенің 10 жобасы жұмыс істеп тұр» деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.   

Тегтер: