22 Қаңтар 16:26

Айсұлтан: «Маған бәрібір!»

Фото:

Осыдан бір сағат бұрын Айсұлтан Рахат: «Мен оның баласы болғаным үшін шешем атамды қармақта ұстап отырды» деп жазған.

Алматы, NEGE. Бірер минут бұрын оның парақшасында мынадай жазба пайда болды: «Халайық, өзіме өлердей қиын болса да, мен әрдайым шындықты айтам! Мен әлемнің кез келген телеарнасынан әлемде не болып жатқанын айтып та, көрсетіп те бере аламын. Әлем арналары тек иллюзияны көрсетіп жүр. Біздің отбасылық өмірімізде не болып жатқанын айтпай-ақ қояйын. Сиқыр әлемді жаулап алды! Осы тақырыпты айта бастасаң, саған жынды деп қарайды. Бірақ маған бәрібір, мен нашақормын ғой.

Бұрын барлық сиқыршыларды жаза ретінде отқа өртегеніне таңданамын.  Ал қазіргі уақытта жындыханаға қамап тастай ма деп, бұл туралы айтуға да қорқамыз. Егер адамзат бұдан бас тартпаса, әлем тоқтайды. Жаратушы маған осыны жеткіз деді».

Тегтер: