16 Мамыр 11:22

Air Astana: көк жүзіндегі 18 жыл

Фото:

Air Astana әуекомпаниясы 18 жылдық мерейтойын қызметін қайта бастап атап өтіп отыр және мамырдың аяғына қарай ішкі бағыттар бойынша маршрут желісінің 30 пайызын қалпына келтірмек.

Алматы, NEGE. 2019 жылды табысты аяқтаған әуекомпаниясы наурыз айында COVID-19 пандемиясына байланысты дағдарысқа тап болды. Былтыр Air Astana 30 млн АҚШ доллар таза пайда тапты. Әуекомпаниясының кірісі 900 млн АҚШ доллар шамасында болды. 2019 жылғы мамырда FlyArystan бөлімшесі іске қосылуы арқасында жолаушылар ағыны 17% артып, жылына 5 миллионнан астам адам болды.

Air Astana кейінгі 12 айда флотты жаңартуға көңіл бөліп, 2019 жылғы қазанда сегіз Airbus A321LR ұшағының алғашқысын алды. Жаңа ұшақтар Boeing 757-200 және Boeing 767-300 орнын басып, Азия мен Еуропаға қатынайтын ішкі рейстерді орындауға арналған, ал қазір қалыптасқан жағдай бұл процесті жылдамдатады. Сондай-ақ әуекомпаниясы флотын алдыңғы буын Embraer 190 ұшақтарының орнын басуға тиіс Embraer E190-E2 лайнерлерімен толықтырды. E2 ұшақтары Орталық Азия мен Кавказға қатынайтын аймақтық бағыттарда және ішкі маршруттарда пайдаланылады.

Air Astana 2019 жылғы шілдеде кодшеринг келісіміне қол қойып, ресейлік S7 әуекомпаниясымен серіктестігін нығайтты. Соған байланысты, сол жылдың қазан айында Мәскеуге қатынайтын рейстерін Домодедово әуежайына көшірді.

"Қызмет етіп келе жатқан 18 жылда Air Astana мінсіз қауіпсіздік көрсеткіштері мен тұрақты қаржылық нәтижелері бар қуатты да табысты нарық ойыншысына айналды. Әуекомпаниясы көрсететін қызмет халықаралық агенттіктер тарапынан бірнеше мәрте жоғары баға алған. Әуетасымалы нарығындағы қазіргі жағдай аса күрделі және нарықтардың көбі тек бірнеше жылдан кейін қалпына келеді деген болжам бар. Сонда да, біздің тиімді операциялық қызметіміздің нәтижесі мен табысты қаржы көрсеткіштеріміз Қазақстандағы және жалпы аймақтағы орнымызды нығайтуға мүмкіндік береді деп сенемін", - деп баға берді Air Astana президенті Питер Фостер.

Тегтер: