15 Мамыр 19:12
...

Air Astana әуе компаниясына – 19 жыл

Фото:

Air Astana-ның алғашқы коммерциялық рейс орындағанына 19 жыл толып отыр.

Алматы, NEGE. Алғашқы ұшақ 2002 жылы мамырда Алматыдан Астанаған (Нұр-Сұлтан) аттанған еді. Air Astana кейінгі 19 жылдағы жиі өзгерістер мен тосындарға қарамастан жолаушыларға қызмет көрсетуде, қауіпсіздікпен қамтамасыз етуде, экологиялық тұрақтылықта жоғары стандарттарға қол жеткізе алды. Әуекомпанияның жыл сайынғы жолаушылар ағымы 2002 жылғы 160 мың көрсеткішінен 2020 жылы жаһандық пандемия алдында 5 млн-ға дейін өсті. Қатынайтын бағыттар 60 ішкі және сыртқы бағытқа дейін жетті, ал әуе флоты орта жасы 3,5 болатын Airbus, Boeing пен Embraer сынды 34 заманауи ұшаққа ие. Air Astana-ның тиімді дамуы SkyTrax, APEX пен Trip Advisor сияқты салалық марапаттармен бірнеше рет дәлелденді.

Air Astana-ның 2019 жылы мамырда FlyArystan деп аталатын Орталық Азиядағы алғашқы лоукостерді іске қосуы стратегиялық маңызды шешім болды. FlyArystan маршруттық желісін Қазақстан ішінде және жақын шетелдерге қатынайтын халықаралық бағыттарға дейін дамытуда. 2 жыл ішінде компания 3 млн жолаушы тасымалдап үлгерді. Пандемияға қарамастан орташа жүктеме 87%, ал рейстердің уақытылы орындалуы 89% болды.

Air Astana-ның басқару тиімділігі дәстүрлі халықаралық рейстер айтарлықтай қысқарып немесе мүлде тоқтатылған пандемия кезінде де, уақытпен де сыналды. Әуекомпания нарықтың басқа да салаларында жаңа мүмкіндіктер қарастырып, тосынға жауап берді. Осылайша, әуекомпаниясы Малдив аралдары, Мысыр сынды курорттық бағыттар мен Грузияның Батуми және Кутаиси қалаларына тұрақты рейстерін ашты. Сонымен қатар, маусым айында Черногория астанасы Подгорицаға қатынайтын тұрақты рейс ашуды жоспарлап отыр. Air Astana-ның дәстүрлі модельден ішкі сұраныстағы демалыстарға қызмет етуге өтуі сәтті әрі стратегиялық тұрғыда дұрыс болды.

«Әуекомпанияларымыздың «Еуразияның жүрегінен» және «Еуразияның бюджетті әуекомпаниясы» әуезді слогандары қалаушымыз Елбасы Н.Назарбаевтың BAE Systems атынан сэр Ричард Эванспен бірге 2001 жылдың қыркүйек айында Air Astana-ның және 2018 жылдың қараша айында FlyArystan-ның негізін қалағандағы мақсатты айқын жеткізіп тұр. Біз дұрыс жолда екенімізге және қалаушымыздың қауіпсіздік туралы түсінігін, қызмет көрсетуге қатынасын, тиімді, тұрақты және моральды-этикалық әуекомпаниясын іс жүзінде жүзеге асыра алатынымызға сенемін», – деді Air Astana президенті Питер Фостер. «Клиенттерімізге бізді таңдағаны үшін және барша әріптестеріме мінсіздікке берілгендіктері үшін алғыс айтамын»

Air Astana негізі қаланған алғашқы күннен Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосып келеді. 19 жыл ішінде жалпы салық көлемі 103 млдр теңгеден асты. Авиация үшін қиын саналған жаһандық пандемия кезінде де әуекомпаниясы мемлекеттік субсидияларға өтініш білдірмеді. Air Astana бұрыннан келе жатқан ұжымдық әлеуметтік жауапкершілік бағдарламалары аясында жергілікті топтарға тұрақты түрде көмектесіп келе жатқан қоғамның лайық субъекті саналады.

Тегтер: