Аймағамбетов ата-аналарды түсіністікпен қарауға шақырды
03 сәуір, 19:43

Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов ата-аналарға өтініш жасады.
Алматы, NEGE. "Әрине, бұдан басқа жол жоқ бізде. Оның үстіне 4-тоқсан өте қысқа. Бәріміз бұл қиындықты еңсереміз" деді министр.
Ол ата-аналарға: "Ең бастысы, ата-аналар, сіздердің қолдауларыңыз керек. Әрине, кемшілік болады, оны жасырып отырған жоқпыз. Мүмкіндігінше сіздер де түсіністік танытсаңыздар" деген өтініш жасады.