27 Мамыр 15:56

Әйеліне араша түсіп, күйеуін тонап кетті

Фото:

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері кісі тонады деген деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Тергеу барысында алкогольдік ішімдікке біраз тойып алған ерлік-зайыптылар арасында жанжал шығып, күйеуі зайыбына қол жұмсаған. Жанжалдасқан еркек пен әйелді байқап қалған жігіт әйелді қорғамақ болып, оның күйеуін ұрып жіберген. Артынша оның ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан ізін жасырған.

Жәбірленуші полицияға шағымданды. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздеу шаралары барысында күдіктіні ұстады. Ер адамның бұрын қылмыстық жауапқа тартылғаны анықталды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон иесіне қайтарылды.

Қазір ұсталған азамат оқшаулағышқа қамалды. Аталған факті бойынша «тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, ұсталған ер адамның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Жәбірленушімен профилактикалық әңгіме жүргізілді, ерлі-зайыптылар татуласты. Полицейлер ер адамды тұрмыстық салада заңға қайшы әрекеттер үшін құқықтық жауапкершілік қарастырылған туралы ескертті.

Тегтер: