Әйелдер ипотекасы қалай жүзеге асып жатыр?

14 қазан, 09:14
Әйелдер ипотекасы қалай жүзеге асып жатыр?
Фото: ғаламтордан

 Қазақстанда өткен жылдан бастап әйелдерге арналған ипотека пайда болды.

Алматы, NEGE. Бүгінде 500-ден астам әйел ипотекаға қолы жетті. Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті. «Әйелдерге арналған ипотеканың пайыздық мөлшері жоғары. Яғни жылдық мөлшерлемесі 11% - дан астам болса, бастапқы жарна 20% -ды құрайды. Бұл тиімді шарт деп ойлаймын, себебі баспана бағасының 50%-н жинаудың қажеті жоқ. Бізге берілген алғашқы транш 8 млрд теңгені құрап отыр. Және бүгінгі таңда шамамен 570 әйелге несие берілді. Жалпы әйелдерге арналған ипотекаға сұраныс жоғары. Тағы бір жайт қатысушылар табыс мөлшерін көрсетуді алып тастауды сұрап отыр. Осы орайда айтарым, біздің мақсат – біреудің табысын санау емес, клиеннің ипотеканы төлеу алу мүмкіндігі мен қабілетін бақылау мақсатында жасалып отыр», – деді Ләззат Ибрагимова. 

 Еске сала кетсек, Қазақстанда әйелдерге арналған ипотека мәселесі 2019 жылы көтерілген еді. Ондағы мақсат - Қазақстанда тұрғын үй саласында гендерлік теңдікті жетілдіру. Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында 200 астаналық жас баспаналы болады.