Айдос Сарым: Сайт жастардың тіршілігіне айналды
ХІІ Media құрылтайда «Қазақ медиадағы қазақ тілі мәселесі. Шешімі бар ма?» атты тақырыптың спикері, саясаттанушы Айдос Сарым былай деді:
«Егер біздің тарихи отанымыз – Қазақстан, тіліміз – қазақ тілі. Яғни, тілге күле қарап, оның мәселесін майда-шүйдеге жатқызу қылмыспен пара-пар. Шынын айтсам, бүгінгі қазақ тілі – қазақ тілі емес. Бұл – орыс тіліндегі қазақ тілі. Әліпби – қазақ әліпбиі емес, бұл – орыс-қазақ әліпбиі. Бұл – бір. Екінші, балалар қазақ тіліндегі мектепте білім алса да, сабақтан соң орысша сөйлейді. Неге? Өйткені, бізді қызықтыратын нәрсе тілімізде жоқ. Сол сияқты әр буын өзінің алдында ешкім болмағандай, тарих болмағандай көреді. Сайт – жастардың тіршілігіне айналып кетті. Ең өкініштісі, тілдің шұбарлығы ойдың шұбарлығына әкелуде. Кейбір шенеуніктің қазақ тілін мүлдем түсінбейсің. Тілдің шұбарлануы оның жойылуына түрткі жасайды».