27 Маусым 19:03

Инфекция жұқтырғандар өз бетінше дәрігерга барған

Фото:

Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 19 адам өз бетінше дәрігерге жүгінген.

Алматы, NEGE. Оның ішінде аттестат тапсыру рәсіміне қатысқан адам коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы тәулікте облыс бойынша 23 адамның коронавирус инфекциясын жұқтарғаны анықталды. Оның алтауы – Көкшетау қаласында.

«Бір адамда скринг кезінде анықталса, екіншісі аттестат тапсыру рәсіміне қатысқан кезде жұқтырып алды», – дейді ведомстводан.

Жұқтырғандардың он бірі – 67-30 жас аралығындағы ерлер, тоғызы – 71-20 жас аралығындағы әйелдер.

Бұдан бөлек, коронавирус 2008, 2019 және 2020 жылы туған үш баладан табылды. 

 

Тегтер: