24 Сәуір 09:48

Алматыға арнайы ұшақпен 12 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді

Фото:

 Бүгін таңертең Алматыға арнайы ұшақпен жалпы сомасы 1 млн АҚШ доллары болатын 12 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Онда жоғары сапалы медициналық қорғаныш құралдары бар. Нақтыласақ, медицина қызмектерлеріне арналған 12 мыңнан астам қорғаныш киімі, 320 мың дана маска, алты мыңнан астам респиратор, 7 мың қорғаныш көзілдірігі және 440 мың қолғап пен 3 мыңнан астам инфрақызыл термометр бар. Бұл гуманитарлық көмекті еліміздің белгілі кәсіпкерлері әкеліп отыр.

Медициналық жабдықтар Алматы қаласы мен Алматы облысының COVID-19 індетімен күресіп жүрген медицина және полиция қызметкерлеріне, сосын төтенше жағдай департаментінің мамандарына беріледі. Райымбек Баталов, кәсіпкер: – Жүкті әкелуге Сыртқы істер министрлігі және Қытай мен Қазақстан елшіліктері атсалысты. Бұл ұжымдық жұмыс болды. Шынын айту керек, мұндай медициналық бұйымдар Қытайда да тапшы. Ең бастысы, біз қазіргі уақытта аса қажет тауарларды мейлінше тезірек, дер кезінде жеткіздік деп ойлаймын. 

Тегтер: