25 Мамыр 15:15

9 жастағы бала суға батып кетті

Фото:

Қостанай облысында тоғыз жастағы бала суға кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 23 мамыр күні сағат 15.00-де Науырзым ауданы Қожа ауылында тоғыз жасар бала суға батып кетті. Болжам бойынша бала ауылдың шетіндегі жасанды су қоймасының жанында ойнап, кейін шомылуға бел буған. Істің басқа да мән-жайлары анықталып жатыр. Ыстық ауа-райының басталуымен облыс тұрғындары су айдындарына белсене шығады. Қауіпсіздік туралы олар бірінші кезекте ойланбайды. Өкінішке орай, балалар қауіпсіздік ережелерін ең аз қолданады және бірінші болып “Суға шомылу маусымын” ашады, сондықтан ата-аналарға олардың өз балаларымен әңгіме жүргізуін, қауіпсіздік ережелерін түсіндіруін және балаларды қараусыз қалдырмауын сұраймыз. Облыс тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды өтінеміз:

– Тыйым салынған және бейтаныс жерлерде шомылмаңыз;

– Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

– Судағы бұзақылықтарды болдырмаңыз;

– Бөренелер мен тақтайларда жүзуге тырыспаңыз. Су объектілеріне жақын жерде жүру және ережелерді бұзу ауыр зардаптарға, соның ішінде суға батуға алып келеді.

Тегтер: