4 Ақпан 11:31

880 ауыл интернетке қосылады

Фото:

2020 жылы кең жолақты Интернетке 880 ауыл қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында баяндаған ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты. 

Алматы, NEGE. «Кең жолақты интернетке 880 ауыл қосылады. Үй желісіне интернетті қосу деңгейін 84 пайызға жеткізу жоспарланған. Сондықтан, құрметті Премьер-Министр мырза, осы жұмыстарды жеделдетуге әкімдіктерге энергетика және жер мәселесін шешу туралы тапсырма беруіңізді сұраймын», – деді Асқар Жұмағалиев Үкімет басшысы Асқар Маминге.

Тегтер: