USD
USD
USD

6,5 млн баланың шотына ұлттық қордан қаражат аударыла бастайды

2024 жылы Ұлттық қордан 6,5 млн баланың есепшотына ақша аударылады. 

6,5 млн баланың шотына ұлттық қордан қаражат аударыла бастайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Алматыда журналистерге баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикер «Балаларға арналған ұлттық қордың» қашан өз жұмысын бастайтынын мәлімдеді.

«Қазақстанда қазіргі таңда 18 жасқа дейінгі 6,5 млн-нан астам бала бар. Олардың өздерінің арнайы шоты болуы керек. Біз бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Алдағы уақытта олардың арнайы шоты ашылады. Бұл шотқа жыл сайын қаражат түсіп отыруы керек. Бала 18 жасқа толғанға дейін ол қаржыны алуына мұмкіндік болмайды. 18-ге толғанда бала ол қаржыны үйіне немесе оқуына жұмсауға мүмкіндік алады. Қазір біз «Балаларға арналған ұлттық қордың» концепциясын әзірлеу үстіндеміз. Тапсырма бойынша ол 2024 жылдың 1 қаңтарында жұмысын бастауы тиіс», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік