10 Маусым 15:12

600 млн теңгеге салынған жол шұрық-тесік

Фото:

  Солтүстік Қазақстан облысында былтыр ғана салынған жол жарылып жатыр. Мердігер ұйым кемшіліктерді кепілдік шарты бойынша қалпына келтіретінін айтты.

Алматы, NEGE. Бірақ бұл сөзге тұрғындардың көңілі толмай отыр.  Қайранкөл ауылына дейінгі жол салынып жатқаннан сынға ұшырады. Жергілікті жұрт бұл туралы бір емес, бірнеше рет айтты. Адамның сөзі де, ақшаның өзі де желге ұшқан сыңайлы.

 "Қалыңдығы тек 3 сантиметр. Ондай асфальт салына ма екен? Өзіміз де қанша айттық, анау жол салып жатқандарға айттық: «сендер не істеп жатсыңдар, мынау ақшаны жеп күлді, ертең не болады» деп. Міне жолдың жағдайы осы. Жаңағы бөлінген ақша текке кетті жай" дейді ауыл тұрғындары. 

  Шенеуніктердің бұл жолды қалай қабылдағаны қайран қалдырады. 600 млн теңгенің асфальті шұрық-тесік. Қалыңдығы қылдай. Асты бос. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК СҚОФ директоры Жолдыбай Тентеков: "5 сынама алғанбыз. Сол сынаманың екеуі сәйкесі келмеді. Қалыңдығы шықпады. Смета арқылы 5 см болу керек қалыңдығы. Ал ол 2 жарым, 3 см шыққан. 18 шақырымға 600 млн теңге бөлінген бюджеттен. Сол бір шақырымға 33 млн ақша бөлінген. Осындай ақшамен кәдімгі басқа құрылысшылар келген кезде, олар дұрыстап, жақсылап істейтін еді" дейді. 

  Мердігер ұйым кепілдік бойынша бәрін осы айдың 15-іне дейін қалпына келтіруі тиіс. Бірақ жолда бір де бір техника жоқ. Оған бас ауыртып жатқан ешкім байқалмайды. 

Тегтер: