10 Желтоқсан 20:24

54 млрд теңге игерілмей қалды

Фото:

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын игермеген өңірлерді атады.

Алматы, NEGE. «Жергілікті бюджеттердің шығыстары 7,1 трлн теңгені құрады, атқарылмағаны – 208 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2,2 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Алдын ала деректер бойынша оларға 1 желтоқсанға дейін 2 трлн теңге бөлінген. Олардың 96,7% игерілген. Атқарылмағаны - 66 млрд теңге, оның ішінде 12 млрд теңге үнемделсе, 54 млрд теңге игерілмеген», – деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Қаражатты игере алмаған өңірлер арасында Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бар.

«Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес, жыл қорытындысында нысаналы трансферттер бойынша 26 млрд теңге сомасында жоспардың орындалмауы болжанып отыр. Оның негізгі себептері: мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу; жоспарға қарағанда алушылардың нақты санының азаюы; жұмыс жүргізу кестесінен артта қалу, жұмыс көлемінің орындалмауы. Сондықтан, республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын тиімді және толық игеру үшін барлық шараларды қабылдауы қажет», – деді Қаржы министрі.

Тегтер: