8 Қаңтар 14:41

42 500 теңге туралы SMS келе бастады

Фото:

Қазақстандықтарға 42 500 теңге қайта берілетіні туралы SMS келген.

Алматы, NEGE. Хабарламалар туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілдері жағдайға түсінік берді.

«Түнде жүйелерді жаңарту бойынша әдеттегі жұмыстар жүргізілген, содан төлемдерді тағайындау туралы ескі хабарлама жіберіліп кеткен. Ол байланыс операторларының 400 мың абонентіне жіберілді. Жағдай адам қателігінен болып отыр. Ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, түсінік танытқандарыңыз үшін рақмет», - деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Анар Мағзұмова.

Тегтер: