Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

3 қаржы пирамидасының басшылары сотталды

Батыс Қазақстан облысында 400-ден астам адам «Лидер», «Алтын тұмар», «Ұлы болашақ» қаржы пирамидаларына алданған. 

3 қаржы пирамидасының басшылары сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың қызметін тоқтатты. Орал қаласының екі тұрғыны «Лидер», «Алтын Тұмар» және «Ұлы болашақ» қаржы пирамидаларын ұйымдастырып, оларға азаматтардың қаражатын тартқан. Осылайша олар WhatsApp желісінде чат құрып, 7 күн ішінде салынған қаражаттан 100% асатын сыйақы алуды ұсынған», - деп жазады агенттіктің баспасөз қызметі.

Оңай табыс туралы жарнамаға алданғандар ақшаны қолма-қол да берген, банк картасына да аударып отырған.

«Тергеу барысында бір салымшыға басқа салымшылардың есебінен шынымен де табыс түскені анықталды. «Лидер», «Алтын Тұмар» және «Ұлы болашақ» қаржы пирамидаларына 435 салымшының 63 миллион теңгеден астам қаражаты тартылған. Пирамиданы ұйымдастырушылар 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп жазылған ресми мәліметте.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф