USD
USD
USD

35 қандасымыз Ауғанстаннан елге оралды

Бүгін Қорғаныс министрлігінің ұшағы Кабулдан Алматыға бір топ жолаушыны алып келді. Олардың арасында өз қандастарымыздан бөлек шетел азаматтары да бар.

35 қандасымыз Ауғанстаннан елге оралды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекат басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бүгін Ауғанстаннан 35 қандасымыз тарихи отанына оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми Telegarm-каналы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы Кабулдан Алматы қаласының әуежайына 41 жолаушымен ұшып келген. Олардың ішінде 35 этникалық қазақтан бөлек, Қазақстанның 4 азаматы, Қырғызстанның 1 азаматы және Қазақстанда тұрақты тұратын 1 ауған азаматы бар. Келген жолаушылар карантин талаптарына сай уақытша оқшауланды.

«Эвакуациялық рейсті ұйымдастыру «Талибан» қозғалысымен үйлестіріліп жүзеге асырылды. Қазақстанның Кабулдағы Елшілігі қалыпты режимде жұмыс істейді және Ауғанстанда тұратын қандастармен тұрақты байланыста. Өтініш берушілердің этникалық сәйкестігін растау және қандастарды қайтару жұмыстары жалғасуда», – дейді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін 18 тамызда Қазақстан Ауғанстаннан өзінің 25 азаматын және Қырғызстан, Ресей мен Литваның 16 азаматын эвакуациялаған болатын. Одан бөлек, Алматыға Кабулдан Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясы (UNAMA) және басқа да халықаралық ұйымдардың кеңселері уақытша көшірілген еді.

Қазір оқып жатыр

Туризм министрлігі күтіп алмаған америкалық блогерді Баян Алагөзова қонақ етті

Баян Алагөзова, Коннор Кампиргини

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Семей

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Өрт сөндіру

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Депутат