31 Желтоқсан 12:53

Шымкентке ұшақтар ұшпайтын болды

Фото:

Бұл тұманға байланысты екендігі айтылады. Аталған рейстердің жолаушылары басқа рейстерге қайта тапсырыс бере алады немесе билетті сатып алған жеріне қайтара алады.

Алматы, NEGE. «Эйр Астана» тұман мен ауа-райының қолайсыздығына байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Шымкентке қатынайтын рейстердің тоқтатылатынын ескертті, деп хабарлайды zakon.kz.

Шымкент қаласының әуежайында қолайсыз ауа-райы жағдайларына (тұман, көріну деңгейі өте төмен) және жағымсыз ауа-райы болжамына байланысты бүгінгі рейстер – KC971 / 972 Алматы-Шымкент-Алматы, KC 341/342 Нұр-Сұлтан-Шымкент-Нұр-Сұлтан және қосымша рейстер KC9710 / 9720 «Алматы-Шымкент-Алматы» тоқтатылып, ұшақтар ұшпайды. Аталған рейстердің жолаушылары басқа рейстерге қайта тапсырыс бере алады немесе билетті сатып алған жеріне қайтара алады, деп атап өтті әуе компаниясындағылар.

Тегтер: