Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

3,1 млн тонна астық жиналды

Солтүстік Қазақстан облысында енді бірер күнде егін орағы аяқталады, диқандар әр гектардан 10,6 центнерден өнім алып жатыр.

3,1 млн тонна астық жиналды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биыл жалпы 3 млн га алқапқа астық және дәнді-бұршақты дақылдар егілді. Соның ішінде 2,4 млн га – бидай, 1 млн га – майлы дақылдар, 344,8 мың га – жем-азық, 31,9 мың ға картоп және 6,2 га көкөністер.

Бірер күнде егін орағы аяқталады.

«Қазіргі уақытта өңірдің шаруашылықтары 2,9 млн га аумақтан астық және дәнді-бұршақты дақылдарды жинап алды. Бұл барлық жиналуы тиіс алқаптың 99,8 %-ы. 3,1 млн тонна бидай бастырылды, әр гектардан орта есеппен 10,6 центнерден өнім алынды», - дейді басқарманың бас маманы Нарғыз Ақжігітова.

Ал майлы дақылдардың жартысына жуығы жиналды.

«Майлы дақылдар 520,3 мың га алқаптан жиналды, бұл 54,3 %-ы. Әр гектардан 6 центнерден өнім алынып жатыр. Аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдерінің жедел ақпараты бойынша 303,4 мың тонна картоп жиналды, гектар берекелілігі – 133,4 центнер, 55,7 мың тонна көкөніс алынды, әр гектардан 133,4 центнерден алынды», - дейді Нарғыз Ақжігітова.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев