1 Мамыр 14:41

282 ақтөбелікке айыппұл салынды

Фото:

ТЖ режимін бұзғаны үшін айыппұл салынған ақтөбеліктің саны 282-ге жетті. Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде 1271 тәртіп бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. 1 мамырға дейін уақытта Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 1271 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476-бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 1217 құқық бұзушылық, оның ішінде 237 адам қамауға алынды, 282 айыппұл салынды, 645 ескерту жасалды, 44 материал сотқа жіберілді. ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқықтәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 54 бұзушылық анықталды, оның ішінде 24 айыппұл салынды, 30 қамауға алынды. Тұрғындардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтардың саны 79-ке жетті.

Тегтер: