21 Сәуір 09:41

26 сәуірден бастап Түркияға ұшатын рейстер айтарлықтай қысқарады

Фото:

26 сәуірден бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстерінің саны 20-дан 9-ға дейін қысқартылады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Ведомствоаралық комиссияның тиісті хаттамасына сәйкес 26 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылды» - деп жазылған баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Ведомстовның ресми мәліметінде көрсетілгендей, қысқартылған рейстердің кестесі мынадай: 20 сәуірдегі жағдай бойынша екі ел арасынла 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс орындалады: - Нұр-Сұлтан – Ыстанбұл, 2 рейс - Нұр-Сұлтан – Анталя, 1 рейс - Алматы – Ыстанбұл, 7 рейс - Алматы – Анталя, 5 рейс - Түркістан – Ыстанбұл, 2 рейс - Ақтау – Ыстанбұл, 1 рейс - Шымкент – Ыстанбұл, 2 рейс. «Рейстер саны бойынша шектеулер эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін қолданылады», – деп толықтырды баспасөз қызметі.

Тегтер: