22 Мамыр 12:18

250 мұғалімнен коронавирус анықталды

Фото:

 Батыс Қазақстан облысында төртінші тоқсанда 1 сәуірден бастап 250 мұғалімнен коронавирус анықталды. 

Алматы, NEGE. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, олардың 237-сі дәстүрлі сипатта, 13-і қашықтан сабақ береді. Сондай-ақ осы мерзімде 554 оқушыдан (296-сы дәстүрлі түрде, 258-і қашықтан білім алады) індет табылды. Ал оқу жылы басталғалы 1186 оқушы (547-сі дәстүрлі сипатта, 547-сі қашықтан) коронавирус жұқтырды. Нұрлыбек Ермекұлының сөзіне қарағанда, күні бүгін қала мен аудандардың бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулысына сәйкес 3 мектеп, 26 мектептегі 51 сынып, 5 балабақшада 6 топ, 1 шағын орталық карантинге жабылды.

«1 мамырдан бері облыста 2272 адам коронавируспен ауырса, соның 56,8 пайызы (1291) ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген, 32,4 пайызы (738) бұрын сырқаттанғандармен қарым-қатынаста болған. 9,7 пайызы (222) профилактикалық мақсатта қаралса, 0,9 пайызынан (21) стационарға жатқызар алдында сынама алынған. Осы айда 45199 ПТР тест зерттеулері (орта есеппен күніне 2259) жүргізілді. Соңғы аптада (14-20 мамыр) алдыңғыға (7-13 мамыр) қарағанда, індет жұқтыру көрсеткіші 8,2 пайызға (786-дан 721-ге) төмендеді», деді Н.Мұстаев. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 65 мыңға жуық адамның коронавирусқа қарсы екпе алғанын жазған едік.

Тегтер: