6 Мамыр 11:21

240 алматылық Hayat-Vax вакцинасын салдырды

Фото:

Алматыда бір тәулікте 6 311 адам коронавирус вакцинасын салдырды.

Алматы, NEGE. «5 мамыр күні 6 311 алматылық вакцина салдырды. Сонымен қатар, 25 сәуірден бері 2 870 адам QazVac вакцинасын алды», - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, 5 мамыр күні Hayat-Vax вакцинациясын 240 азамат салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 5 мамыр аралығында қалада барлығы 238 606 адамға екпе салынды. Вакцинацияның жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер саны - 30 292. Бүгінгі күні қалада 214 пункт жұмыс істеп тұр. 1 809 адамнан тұратын 402 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп атап өтті басқармадан.

Тегтер: