27 Мамыр 09:53

21 жастағы Павлодар тұрғыны өзіне қол салды

Фото:

 21 жастағы Павлодар тұрғыны өзіне қол салды. Ол 11 қабаттың балконынан секіріп кеткен.

 Алматы, NEGE. «25 мамыр күні сағат 18:10-да Сәтбаев көшесі 245 үйдің ауласынан 21 жастағы Павлодар тұрғынының мәйіті табылды, ол өзіне қол салған», - деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің өкілдері. Ер адам 11 қабаттағы балконнан секіріп кеткен. Тәртіп сақшылары аталған азаматтың бұрын да суицид жасауға әрекеттенгенін хабарлады. «Ол облыстық балаларға арналған психоневрологиялық диспансерде есепе тұрған. Аталған факт тіркеліп, сараптама тағайындалып, қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр»,-деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Тегтер: