16 Қараша 12:45

20 мұғалім коронавирус жұқтырған

Фото:

 Батыс Қазақстан облысында қыркүйек айынан бері 20 мұғалім коронавирус жұқтырған. 

Алматы, NEGE. БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның үшеуі – бастауыш сынып мұғалімдері. Осы уақыт аралығында Орал қаласы бойынша 18, аудандарда 10 сынып карантинге жабылды. Сондай-ақ қыркүйек айынан бері 6 мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды. Өңірде соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 42 адам тіркелсе, соның 14-інде ауру белгілері байқалған. Қалған 28 адамда ауру симптомсыз өтуде. Індет басталғаннан бері облыста барлығы 7499 адамның ауырғаны анықталып, соның 6954-і жазылып шықты. 128 науқас көз жұмды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тойдан қашқандардың видеоға түсіп қалғанын жазған болатынбыз.

Тегтер: