29 Сәуір 16:45

1 мамыр мамыражай болмайды екен

Фото:

Синоптиктер 1 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Алматы, NEGE. «Тез өзгеретін атмосфералық процестер мереке күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын анықтайтын болады. Еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлеріне циклон әсер етеді, онымен кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады», - делінген сәрсенбіде таратылған 30 сәуір-2 мамырға арналған ауа райы болжамында.

Бірақ республиканың батыс бөлігіне Қара теңіз аудандарынан антициклон әсер ете бастады, ол шығыс бағытта ығысып, жауын-шашынның тоқтауына және республиканың басым бөлігінде ауа температурасының аздаған төмендеуіне әкеледі.

Тегтер: