5 Шілде 13:51
...
1 қыркүйектен бастап ит пен мысықты есепке қою міндетті болады
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына сәйкес, биыл 1 қыркүйектен бастап мысықтар мен иттерге чип тағу және оларды арнайы есепке қою міндетті болады.
Алматы, NEGE. Ал үй жануарларының басқа түрлерін, яғни егеуқұйрық, хомяк немесе мини-пигтерді (ергежейлі үй шошқасы – автор түсіндірмесі) есепке алу ерікті негізде жүргізіледі.
«Жанауарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға сәйкес декоративті тышқан, үй торайы секілді басқа да жануарларды есепке алу ерікті түрде жүргізіледі. Олар туралы ақпаратты жүйеге енгізу тегін болса, чиптеу ақылы болады. Халықтың осал топтары үшін ғана қызмет тегін. Ветеринарлық клиникалардың ақпараттарына сәйкес, ірі қалаларда жануарларды чиптеу қызметінің бағасы 3 жарым мыңнан 8 мың теңге аралығында.