USD
USD
USD

1 қыркүйекте екпе салмаған балаларды мектепке кіргізбей ме?

  Әлеуметтік желіде COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмаған балаларды мектепке кіргізбейтіні туралы ақпарат тарады. 

1 қыркүйекте екпе салмаған балаларды мектепке кіргізбей ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Stopfake.kz порталы бұл жалған мәлімет екенін хабарлады. Екпе салдырмаған балаларды білім алу құқығынан айырады деген қауесет негізсіз және шындыққа жанаспайды.Хабарламада автор денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзіне сүйенеді. Осы жылдың 19 шілдесінде министр Қазақстанға Pfizer/BioNTech өндірген COVID-19-ға қарсы вакцинаны жеткізу жоспары жайлы баяндаған болатын. Бүгінгі таңда бұл препарат клиникалық сынақтардан өтіп, 12 жастан асқан жасөспірімдерді вакциналау үшін мақұлданған.

«Алайда бұл біздің елімізде 12 жастан асқан оқушыларға вакциналау міндетті болады және онсыз балалар мектепке бара алмай, кемсітіледі дегенді білдірмейді. Алексей Цой мұндай мәлімдеме жасаған жоқ»  делінген хабарламада.

Біріншіден, Pfizer/BioNTech вакцинасының алғашқы партиясы осы жылдың қазан айында, яғни оқу жылы басталғаннан кейін әкелінуі мүмкін. Екіншіден, денсаулық сақтау министрінің өзі хабарлағандай, балаларды COVID-19-ға қарсы вакциналау тек ерікті түрде ғана жүргізіледі және кәмелетке толмағандар ата-аналарының келісімімен ғана егіледі.

Демек екпе салдырмаған балаларды білім алуға конституциялық құқығынан айырады деген қауесет негізсіз және шындыққа жанаспайды. Қазақстандық оқушылар вакциналау мәртебесіне қарамастан білім алады.

Қазір оқып жатыр

Терроризмге қарсы қорғанысты әлсіреткені үшін 263 басшы айыппұл арқалады

Терроризмге осал нысан

Қазақстан Ресейге жанар-жағармай жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын

Ресейге жеткізу

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат