14 Мамыр 18:46

19 жастағы бозбала зейнеткерді қағып кетті

Фото:

Петропавлда рульде 19 жастағы бозбала болған көлік жүргіншілер өткелінде зейнеткерді қағып кетті.

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 14 мамыр сағат 16.45 шамасында Н.Назарбаев көшесі бойындағы № 219 үйге қарама-қарсы жолда жол-көлік оқиғасы болды.

19 жастағы бозбала «Lada Kalina» көлігімен жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болған 78 жастағы зейнеткерді қағып кеткен. Зардап шеккен әйелді жедел жәрдем көлігі алғашқы медициналық көмек көрсету және диагноз қою үшін Петропавлдағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізді.

Осы дерекке байланысты кінәліге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық бойынша іс қозғалды.

Тегтер: