29 Мамыр 16:16

191 миллион еуро жымқырған кім?

Фото:

Испанияның ұлттық полициясы ірі сомада алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған қазақстандықты Барселонада ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Бірақ оның аты-жөні нақты аталмай отыр. 2014-2018 жылдар аралығында ер адам қылмыстық топтың мүшесі болған. Ол ойын бизнесімен айналысатын екі компания құрған. Бұл туралы Испанияның ұлттық полициясы хабарлады.

Осы фирмалар арқылы жалпы құны 191 миллион еуро ұрланды. Бұл ақша несие, салық төлеуден жалтару және басқа да заңсыз операциялар жүргізу есебінен алынған.

Қазақстанда оған ақша жымқырғаны, салықтық қылмыстар және қылмыстық топқа мүше болды деген айып тағылды.

Енді оны экстрадициялау туралы шешімді Испания ұлттық соты қабылдауы тиіс.

Тегтер: