14 Мамыр 08:48

18 мамырдан бастап қонақ үйлер мен асханалардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі

Фото:

Қазақстанда бірқатар карантин шаралары жеңілдеп, қызмет көрсету орындары жұмысқа кірісе бастады. 

Алматы, NEGE. ҚР Үкіметінің шешімімен 2020 жылғы 18 мамырдан бастап мына нысандарға санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат беріледі: - қонақ үйлерге - сыйымдылығы 30 адамдық орынға дейінгі қоғамдық тамақтану объектілеріне - таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдарына. Еске сала кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирусқа қарсы ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Онда экономика салаларын қалпына келтіруге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылданды.

Тегтер: