31 Желтоқсан 17:50

1-5 сынып оқушыларының сөмкесі нормативтен 2,5 есе ауыр

Фото:

Денсаулық сақтау министрлігінде мектеп медицинасына қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен мектеп медицинасының проблемалық мәселелері бойынша онлайн-жұмыс конференциясы өтті. Отырысқа «Мектеп медицинасы» өңірлік бағдарламасының үйлестірушісі, аймақтардағы денсаулық сақтау басқармалары мен бейінді қауымдастық өкілдері қатысты. «Бүгін біз мектеп медицинасы саласындағы проблемалық мәселелерді талқылау үшін, оларды ескеру үшін және келесі жылы қажет болған жағдайда нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу, қаржыландыру мәселелерін және басқа да проблемаларды шешу үшін жиналдық. Бала денсаулығы - біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі», - деді Ажар Гиният. Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті Балалар мен жасөспірімдер денсаулығын қорғау басқармасының бастығы Жанар Садуова қазіргі жағдай туралы баяндады. Ол 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін республика мектептерінде оқитындардың саны 9%, ал бір мектеп медбикесіне жүктеме 6% артқанын айтты. «2017 жылдан бастап мектеп дәрігерлері денсаулық сақтау жүйесіне көшкелі, медицина қызметкерлері арасында біліктілігін арттырғандар қатары 2 есеге көбейді. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша да оң динамика бар. Үш жыл ішінде медициналық кабинеттерді жабдықтау 2017 жылғы 52 пайыздан 2019 жылы 96 пайызға дейін жақсарды, сондай-ақ қаржыландыру 27 пайызға артты: 2019 жылы 7 млрд теңгеден астам, 2020 жылы 18 млрд теңгеден астам бөлінді, 2021 жылы 18 млрд теңге бөлу жоспарлануда», - деді Жанар Садуова. Жүргізілген скрининг саны артқан: орындау пайызы 2017 жылы 89% және 2019 жылы 100% жетті. Көру органдары патологиясының 1,4%, неврологиялық патологиялар 1,2%, стоматологиялық патологиялар 1% төмендеуі байқалады, тірек-қимыл аппаратының патологиясын анықтау 4% өсті. Оқу кешендеріндегі гигиеналық норматив пен тамақтану стандарттарының сақталуына жасалған мониторинг барысында 1-5 сынып оқушыларында рюкзак салмағы бойынша нормативтің 2-2,5 есеге дейін асып кеткені анықталды, ал жеке шкафтармен бар болғаны 25,8% жабдықталған. «Егер мектептегі денсаулық сақтау жүйесіне жиынтық талдау жүргізсек, онда өндірістік принцип бойынша сауықтырудың төмен екені байқалады. Яғни, тұрғылықты жері мен оқу орны арасында айырмашылық болған кезде емханалар арасындағы сабақтастық, медициналық ақпараттық жүйелерді енгізудің жеткіліксіз деңгейі және мектептердегі медициналық пункттер компьютерлер жетпегеннен зардап шегуде», – деп атап өтті Жанар Садуова. Медициналық кабинеттерді жабдықтау стандартталды, BLS оқумен және «мектеп медицинасы» циклымен қамтылған, мектептегі медицина қызметкерлерінің санаттылығы артты, «мектеп оқушыларының тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар» әзірленді және медициналық ақпараттық жүйелерді мектептің денсаулық сақтау жүйесіне кезең-кезеңімен енгізу. «Мектеп медицина қызметкерлерінің біліктілігін уақытылы арттыруды жоспарлау, оқушыларды профилактикалық тексеру жағын дамытуға болады. Сондай-ақ, меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдарды жасақтауды, мемлекеттік медициналық ұйымдарды «Мектеп медицинасы» сертификаты бар дәрігерлермен қамтамасыз ету қажет», - деді Садуова. Іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласының мектеп медицинасы үйлестірушісінің және Медициналық сақтандыру қорының талдау және болжамдау департаменті өкілінің баяндамалары тыңдалды. Вице-министр А.Ғиният жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып, жергілікті денсаулық сақтау басқармаларына, құрылымдық бөлімшелер мен министрлікке қарасты медициналық ұйымдарға проблемалық мәселелерді шешу үшін тиісті тапсырмалар берді.

Тегтер: